Өндірістік қалдық өңделіп, орнына индустриалды аймақ салынады. Ұзақ жылдар бойы Шымкентте экологиялық проблема тудырып келген қорғасын зауытының миллиондаған тонна қалдығы жиналатын болады. Қала билігі оның орнын индустриялды  Инвестициялық жобаларға сәйкес, өндірістік аумақта үйіліп қалған күлден  күміс, темір, мыс өндірілмек. Мұнда қазір алғашқы кен байту комбинаты іске қосылды.  Жоба бойынша мұнда алдымен жылына 500 мың тонна қалдық қайта өңделеді. Өндірілген өнім шетелге экспортталады. Шымкенттің шеткі аумағында жетпіс жыл бойына жинақталған өндіріс қалдықтары 2 миллион тоннаға жуықтайды. Жобаның инвестициялық құны 19 миллион доллар.

СПИКЕР: АБЗАЛ МЕҢІЛБЕКОВ -  ИНВЕСТОР
Жыл соңында терең өңдеу арқылы мырыш өндіретін екінші  зауыт іске қосылады. Өндіріске шикізат ретінде пайдаланып,  аумақты қалдықтардан тазартамыз. Содан кейін  осы аумақта шағын және орта бизнес үшін тиімді жеке индустриялық аймақ құруды жспарлап отырмыз.