Туристер қала тазалығына үңіліп, сол арқылы қоғам келбетін бағалайды. Демек, мегаполистің жинақы, күл-қоқыстан таза болуы сіз бен бізге ортақ мүдде.  Баршаға аян. Шымкенттің көзтартар  ерек тұсы – жайқалған жасыл желек, құлпырған қызғалдағы. Міне соны күтіп-қарап, бабын келтіріп отырған арнайы мамандар бар. Олар қала шырт ұйқыда жатқанда, таңмен таласа оянып, тазалық қызметіне кіріседі. Тротуардағы қоқыс, шекілдеуік қалдықтарын жинап, қөше гүлзарын суарады. Тал-дарақты сырлап, қыстың күні жол бетін қардан тазалайды. Қанат Жолдасбектің бейнематериалы.
 4 жылдан бері Рита Әпсеметованың таңы – қораз қиқуынан ерте атады. Күн шықпай жатып оянады да, қызу еңбек күніне кіріседі. 6-да басталған жұмыс күні түскі 14:00-ге дейін жалғасады. Айтуынша, жұмыс барысы – көше сыпырып, күл қоқыс жинаудан ғана тұрмайды. Одан өзге де міндеттемелер бар.

 РИТА ӘПСЕМЕТОВА – «ЖАСЫЛ ЖЕР» ЖШС-НІҢ  ҚЫЗМЕТКЕРІ  
– «Бір қарқында жұмыс жасамаймыз. «Жасыл жер» тал суару, ағаштарды әктеу, ағаштарды әктеу, кедергі жасап тұрған ағаштарды қырқу, газон егу, көше сыпырудан бөлек осы жұмыстармен де айналысамыз.»

 «Жасыл жер» қызметкерлері ауа-райының құбылмалы мінезіне, қарына, жаңбырына, аптап ыстығы мен сарышұнақ аязына қарамай көше тазалап, жасыл желекті абаттандырады. Қоғам дамуына үлес қосып, көркейуіне ықпал етеді. Мекеме, қызметкерлерді үйінен алып кетіп, алып баратын тасымалдау қызметін жолға қойған. Егер еңбеккер жұмыс барысында өзін жайсыз сезініп, денсаулығы нашарлағанын байқаса бірден мекеме басшылығына жүгіне алады.

 ҚАЛДЫБЕК ОРАЗБАЕВ, «ЖАСЫЛ ЖЕР» ЖШС БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
 – «Бізде осы базада фелдшеріміз отырады. Саразу осы жерге әкелеміз. Бірінші көмекті көрсетеміз. Одан әрі қарай қызметкер қатты нашарлап жатса 103 –ке хабарлап, жедел жәрдемеге салып жібереміз ары қарай»

 Алда маңызды науқан – референдум өтпек. Оған қатысып, таңдау жасау әрбір азамат міндеті. Осылай деген қоғамдық кеңес мүшесі «Жасыл жер» қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Айтуынша: әрбір қоғам мүшесі – ел ісіне бейжай қарап, немқұрайлы болмауы тиіс.

РҮСТЕМ ӘШЕТАЕВ, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ
– «Міндетті түрде «иә!» деп дауыс бер отырған жоқпыз. Референдумға қатысып, өз дауысыңа өзің ие болып, иә десең де жоқ десең де өз таңдауыңды жасауың маңызды. Сол жағын көбірек түсіндірдік бүгін»

Шарада тазалық қызметкерлері қоғамдық кеңес мүшесіне көкейтесті сауалдарын жолдап, тұщымды жауап алды.