Шымкентте құқық қорғаушылар мен еріктілер есірткі қылмысына қарсы күресте бірікті. Нәтижесінде 300-ге жуық адам ғимараттардың, қоршаулардың және басқа қасбеттердің сыртқы қабырғаларында қалдырылған граффити сурет түріндегі есірткі жарнамаларын өшірді.
 Акцияға жергілікті полиция қызметі, прокуратура, коммуналдық қызмет, «Жастар ресурстық орталығының» өкілдері және еріктілер қатысты. Олар есірткі заттарын тұтыну мен өткізуді насихаттау жүзеге асырылатын интернет-ресурстардың нөмірлері мен атаулары көрсетілген граффити жазбаларды іздестірді. Нәтижесінде есірткі жарнамасы бар 500 мыңнан астам сурет жойылды. Айтып өтейік, полиция қызметкерлерімен жыл басынан бері есірткі таратқаны үшін 50-ден астам адам ұсталды, – дейді ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері.