Жастардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп  отансүйгіштікке тәрбиелеу басты мақсат. Осы орайда Шымкенттің білім ұяларында арнайы тәлім сағаттары өтеді. Онда не оқытылады? Тақырыпты тілші тарқатады.  
 Патриоттық тәрбиенiң барлық жүйесiн ұйымдастырып, оның жұмыс iстеуiн және бақылауды қамтамасыз ететiн негiзгi институт мемлекет болып саналады. Жастарды патриотизмге тәрбиелеу  - Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді перспективалы мемлекеттік жастар саясаты бағыттарының бірі. Президент Қасым¬Жомарт Тоқаев: «Еліміздің әрбір азаматы жұртшылықтың алдына шыққанда ұлттық мүдде мен қазақстандық пат¬риотизм қағидаттарын басшылыққа алуы керек», деген болатын.
БЕРІК САДЫҚОВ, ПРОРЕКТОР
  - Қандайда іс-шара болса тәрбиелік мәні болу керек. Біздің ұлттық тәрбие жастар арасында патриоттық сезімді ояту секілді мәні болу керек.

Еліктегіш жасқа үлгі болар жан керек. Студенттер алдында сөз алған ғалымдар тарихта ардақ тұтар тұлғалардың көп екендігін қадап айтты. Алаш арыстарының еңбегі бүгінгі буынға үлгі. Патриот болу үшін өз ісіңді адал атқарсаң жеткілікті.

АРАЙЛЫМ МЕЙІРБЕКОВА, СТУДЕНТ
-  Біз өзіміздің мамандығымызды толықтай игеріп алсақ Елімізге қызмет істесек оның өзі патриоттық болып саналады Өзінің туған жеріне туған елісүйіспеншілігі

 АРУ ҚАЛДЫБАЙ, СТУДЕНТ
     Толқын аға буынның ізін басар жастар екені даусыз  Осы жастар қозғаушы күш.

 Сан ғасырлар бойы Қазақстан тарихында патриотизм ұғымы ерекше мәнге ие болып келеді. Сол замандардан бері қазақ халқының бойыны сіңген, елін-жерін сүю, қорғау, қызмет ету, ынтымақтастықты ту етіп ұстау, дәстүрге құрмет көрсету мәдениеті қалыптасты.