Шымкент қаласының дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің басшысы сотталды. Мекеме басшысы есепшімен келісіп, бюджет қаржысын жымқырғаны анықталды.
  Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты "Шымкент қаласының дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері" коммуникалдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Долбиловаға және осы ұйымның бухгалтері Абдукаримоваға қатысты үкім шығарды. Олар іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған тұлғаға жалақыны заңсыз есептеу жолымен 3,4 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды, - делінген хабарламада. Сот үкімімен мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді.