V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында өңір спортшылары 16 алтын, 10 күміс, 5 қола жүлдені ұтып алды. Түркістандық спортшылар ел мәртебесін асыруға сүбелі үлес қосты. Дүбірлі додада топ жарған саңлақтарды облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы шақырып, марапаттады.

 Қазақ еліндегі дүбірлі дода жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Халқымыздың ғана емес, көшпенділердің тарихы, мәдениеті, спорты таныстырылып, абыройымыз аспандады. Түркістан облысының спортшылары өте табысты өнер көрсетіп, жүлде саны бойынша өңірлер арасында үздік болды.
 ЕСІМХАН РАХМАТІЛЛА, V ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ
 Көшпенділер ойыны өте жоғары дәрежеде өтті жарыстардың барлығы Түркістан спортшылары үлкен жеттістікке жетті
ЕРАЛХАН АЙКӨЗ, V ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
5 барымызды салып еліміз үшін алтын медал алып келіп отқан жайымыз бар 
Көшпенділер ойынында түркістандық саңлақтар спорттың барлық түрінен көзге түсті. Аударыспақта жан шыдатпай, алыптар сайысында да жеңімпаз атанды.
АЗАМАТ МАҚҰЛБЕКОВ, V ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
 Көшпенділер ойынына бірінші рет кірді біздің алыптар сайысы халықтың қолдауымен осы жеңіске жеттім.
ЕРМЕК ҚҰРАЛБАЙ, V ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Осы менің ең алғаш ауқымды жарысым.

Көшпенділер ойындарының жеңімпаздарына – 1 млн, күміс жүлдегерге – 700 мың және қола жүлдегерлерге 500 мың теңгенің сертификаттары тапсырылды. Түркістан қаласында заманауи үлгідегі атшабар салу жоспарлануда. Ұлттық спорт түрлеріне қолдау көрсету жалғасатынын өңір басшысы тілге тиек етті.
 ДАРХАН САТЫБАЛДЫ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Сіздеде көңілімізді көтеріп халықтың еңсесін көтердіңіздер. Абыройды асқақтатқан сіздерге алғыс білдіреміз.
 Түркістан облысының 4 жігіті көкпар құрамасы сапында чемпион атанса, аударыспақтан 5 алтын, 1 күміс медаль еншіледі. Сонымен  бірге овари, жамбы ату, қазақ күресі, күштілер  сайысы, теңге ілу, асық ату спорт түрлерінен де қоржынға алтын жүлделер түсті. Көк бөрі, ордо, алыш, кураш, құсбегілік, жамбы  ату спорт түрлерінен күмістер мен қола  медальдар бұйырды.