Махмұд Сабырхан мен Айбек Оралбай салмақ ауыстырды. Қос боксшының салмақ ауыстырғаны жөнінде құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов мәлімдеді.
«Боксшылардың бапкері Азия чемпионатына ең мықты боксшылар баратынын айтады. Ол құрлық додасы қарсаңында біраз боксшының салмақ дәрежесі ауысатынын айтты. Мысалы Махмұд Сабырхан 54 келіде күш сынаса,  Серік Теміржанов 60 келіге, Айбек Оралбай +92 келіге ауысып жатыр. Тағы екі боксшының салмағын түсіреміз» деді. Айта кетелік, Париж Олимпиадасында Махмұд Сабырхан 57 келіде, Айбек Оралбай 92 келіде сынға түскен болатын.