Емдік су инфекция таратып, ауру етуі мүмкін. Тойханалар мен тұрғын үйлерден шыққан кәріз қалдықтары Қошқара ата өзеніне төгіліп, бұлақ суын былғап келген. Өзеннің 19 жерінен сынама алып, химиялық талдау жүргізген Экология департаменті осылай дейді. Жауаптылардың айтуынша, Қарасу, Бадам, Сайрамсу өзендері де мәз емес. Аталған өзендер құрамынан да ластаушы заттар концентрациясы анықталып отыр.
Белгілі болғандай, өзен бойындағы кейбір тұрғын үйлер мен мейрамхана иелері аула маңынан кәріз құдығын қазып, ондағы қалдықты арнайы орынға апарып төкпеген. Артық шығынданғысы келмей, ақшасын үнемдеуді көздеген. Табиғатты ластап, емдік суды былғағандар енді айыппұл арқалайды.
ЕРМАХАН ҚОЗЫБАЕВ, ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
– «Жеке кәсіпкер «Усманова» кәсіпкерлік нысаны кәріз құбыры арқылы сарқынды суларын каналға төгіп жатқаны анықталып..ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің үш жүз отыз бірінші тармағымен айыппұл салынып, заңбұзушылық туралы нұсқама берілді»
Департамент арыз-шағымдар негізінде тексеріс жүргізіп, кәсіпорындардың экологияға тигізер әсерін анықтайды. Шағымдар негізінен тұрғын үйлер ауласында мал ұстау, қалдықтарды өртеу, жағымсыз иіс тарауы, суды, топырақты ластау себебінен түседі. Тексерістер нәтижесінде 55 әкімшілік іс қозғалып, 170 млн теңге айыппұл салынған.
ЕРМАХАН ҚОЗЫБАЕВ, ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
– «Ауаға зиянды заттар тасталып жатыр деп арыз-шағымдар келіп түссе біздікілер ауадан сынама алады. Суда болатын болса судан сынама алып, арнаайы инспекцияға беріп отырады. Соған сәйкес инспекция шара көреді.
Тексерістер нәтижесінде 55 әкімшілік іс қозғалып, 170 млн теңге айыппұл салынған.