Шымкентте қала тұрғындарының түнгі тыныштығын бұзған көлік жүргізушісі ұсталды.
Белгілі болғандай, «Chevrolet Cobalt» маркалы автокөлік заңсыз жабдықталған. Және түн ортасында қала орталығында жүйіткіп, тыныштықты бұзған. Жедел басқару орталығының мамандары бейнебақылау камерасы арқылы автокөлік иесін ұстады. Анықталғандай,  жүргізушінің көлiк құралын басқару құқығы жоқ және дыбыс зорайтқыш құралдары заңсыз орнатылған. Қалалық тәртіп сақшылары құқық бұзған жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырып, түсіндірме жүргізілді. Көлігі айыптұраққа қойылды. Полицейлер қала тыныштығын бұзғанға және заңсыз түрде көлiк құралын қайта жабдықтаған жағдайда қатаң шара қолданылатынын ескертеді!