«Қазіргі заманғы технологиялар мен инвестициялар. Қазақстан Республикасының аумақтық экономикаларын дамыту мәселелері мен перспективалары». Шымкентте осындай атаумен дөңгелек үстел өтті.
Жиынға алты шетел мемлекетінің Төтенше және Өкілетті Елшілері мен дипломаттары арнайы қатысты. Маңызды басқосуда «Саутс-Ойл» ЖШС іске асырып жатқан инвестициялық жобалар таныстырылды. Ал “Invest Shymkent” компаниясының директоры қонақтарды индустриялық және арнайы экономикалық аймақтардағы жұмыстар мен инвестициялық артықшылықтар туралы хабардар етті. Қала әкімі қатысушыларға қаланың инвестициялық тартымдылығы мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтты. Сондай-ақ шаһар басшысы әрбір жобаның жүзеге асырылу кезеңдерінде жан-жақты қолдау көрсетілетінін және өткен жылмен салыстырғанда қала экономикасына салынған инвестиция көлемі айтарлықтай өскенін атап өтті. Кездесу барысында Ғабит Әбдімәжитұлы әлеуетті инвесторлар үшін барлық қажетті жағдай жасауға дайын екенін жеткізді.