Түркістан облысында әскери қызметкер басынан жарақат алды. 16 қыркүйекте тәуліктік нарядта қызмет атқару кезінде Арыс гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінің келісімшарты бойынша әскери қызметкер өз-өзіне қол жұмсауға әрекет еткен.
Түркістан облысындағы Арыс қаласында әскери бөлімінде келісімшартпен жұмыс істейтін ефрейтор өз басынан оқ атқан. Оқыс оқиға 16 қыркүйек күні тәуліктік кезекшілікті атқару кезінде болыпты. Алдын ала ақпарат бойынша, оның мұндай әрекетке баруына, отбасындағы  жанжал себеп болған көрінеді. Травматикалық қарудан жарақат алған әскери қызметкер қазір аудандық ауруханада жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.
 ИСЛАМБЕК ҚАЛДЫБЕКОВ  - ШЫМКЕНТ ГАРНИЗОНЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ МАЙОР
- Алдын ала ақпарат бойынша келісім шарт бойынша әскери қызметші отбасылық тұрмыстық жанжал аясында өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Жарақат алған әскреи қызметші ауруханаға уақытылы жеткізіліп, керекті меицианлық көмек көрсетілген. Қазіргі таңда келісім гарт бойынша әсккери қызметшінің жағдайы тұрақты ауырбеп бағалануда. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Жаралану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу шаралары жүргізілуде.