Өңірге іс-сапармен келген Мәлік Отарбаев Түркістандық ұстаздармен кездесті. Білім саласының қызметкерлерімен кездесуде президент кеңесшісі Әділетті Қазақстанды құруда, елдің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуда, қоғамды дамытуда мұғалімдердің рөлі айрықша екенін алға тартты.
Кездесуде Жолдау аясында елімізде іске асырылатын жоспарлар, білім саласының дамуына қатысты мәселелер айтылды. Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысы Жолдауларында адал адам, әділетті қоғам орнату мәселелеріне басымдық бергеніне тоқталды. Білім саласындағы мемлекеттік саясатты сапалы іске асыру мақсатында ғылым мен білімге, тәрбиеге үлкен мән беру керектігін жеткізді.
МӘЛІК ОТАРБАЕВ  - ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ
-Білім беру мамандығымен ғана шектелетін маман ретінде емес, біз сіздерді халықты, жас ұрпақты тәрбиелейтін біздің ұлттық болмысымызды, ұлттық құндылығымызды және осы мемлекеттік саясатты ұрпаққа жеткізетін, халыққа жеткізетін бір-бір идеолог ретінде санаймыз.
Жолдауда мұғалімдердің біліктілігін көтеру мәселесі де сөз болды. Бұл бағытта Түркістан облысы әкімі Дархан Амангелдіұлының қолдауымен облыс мұғалімдері мен әдіскерлері Жапонияда Лессон стади әдісін, АҚШ-та инклюзивті білім беру және Қытайда техникалық және кәсіптік білім беру бағытында тәжірибе алмасты.
МӘЛІК ОТАРБАЕВ  - ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ
- Ел ұстаздар тек білім беретін мамандар емес, ұлттың зиткерлік қуаты. Бұл өте маңызды. Ұсаздар бір-біридеолог. Біздің ауылдарда бір ғана мемлекеттік мекеме бар. Бұл мектеп. Сол мектептер мемлекеттік идеологияны жүргізбесе, сол ауыл тұрғындарына балларға, халыққа кім жеткізеді? Сондықтан әр-бір ұстаз өзін бір-бір идеолог болып сезіну керек.
 Мемлекет басшысының тапсырмасымен “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Осы мақсатта биыл 29 Жайлы мектеп құрылысы жүргізілуде.