Еліміздегі бірегей Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығына 10 жыл. Ұжым атаулы күнді  ауқымды шарамен атап өтті. Көрме орталығында өткен «Дархан дала дәстүрі мен ойындары» атты этнофестиваль жайында тілші әңгімелейді.
 10 жылда жеткен жеттістіктер жетерлік. Орталық ұмыт болған қол өнер бұйымдарын қайта жаңғыртуға ықпал етті. Санадан шыға бастаған салтты қайта тірілтті.

Ауқымды шараға өзге өңірлерден бөлек шет елден де қонақтар келді.  Қырғызстаннан арнайы делегация келіп өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар Өскемен, Қызылорда, Түркістаннан ойыншылар келіп, жарыстың ажарын ашты. Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек құтықтау тілегін жеткізді.

Қолөнер шеберлерінің сайысы ерекше өтті. Барлық командалар бір түсті, бір өрнекті құрақ көрпе жасаған. Бір тапсырма арқылы шеберлердің ептілігі сыналды.
 Этнофестиваль 6 кезеңнен өтті. Ғұрыптық әндер театрландырылған көрініс, келіндер сайысы, жыраулар жарысы. Жігіттер сайысында жілік шағу, асық ату, қол күрес сынды спорттық ойындар ұймдастырылды.