Қалада әлеуметтік желі арқылы заңсыз ойын ұйымдастырған  13 адам сотталған. 600-ге жуық күманді сайттар қатаң тексеруден өткен. Құқықбұзушылықтарды Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлері анықтап отыр.
Аталған дерекке байланысты жыл басынан бері 7 қылмыс анықталды.  Оның 5-і сот қарауына жолданып, айыптау үкімдері өз күшіне енген. 7 қылмыстық істің 4-і Instagram, TikTok желілерінде онлайн режимде ойнатылған. Ал былтыр 13 адам заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін сотталған.
САНАТ КУЛБАЕВ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
-Ал осы жылдың 9 айында осы қылмысты жасағаны үшін сотталып үкімдері шықты. Оның 4-не бас бостандығынан айыру жазасы, 9-ына бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

 Осы жылы қылмыстық істер аясында 18 ойын аппараттары, ноутбукпен компьютерлер, ойын карталары, фишкалар тәркіленіп, заттай дәлелдеме ретінде танылған. Сот үкімдеріне сәйкес, компьютерлік техникалар мемлекет есебіне өткізілген, ал ойын аппараттары жойылған. Мамандар ойынға алданып қалғандардың дені жастар екенін айтады.

ДӘУРЕН ТҰРҒЫНБАЙ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ М.А.
-  Жалпы біздің удамандарға жасаған талдау 25-32 жас арасында Осы жас аралығында айлығын толық әкмеу

Заңсыз ойын бизнесі – бұл мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін, халықтың әл-ауқатын нашарлатып, жастардың болашағына балта шабатын, әлеуметтік қақтығыстарға апаратын көлеңкелі экономиканың бір бөлігі.