Astana Media Week 2024 апталығы медиаиндустриядағы негізгі трендтер мен өзекті мәселелерді қамтуда. Үш күндік бағдарламада нарықтың ұдайы өзгеруіне байланысты мамандарды даярлау туралы пайымды пікірлер айтылды. Жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың қоғамға әсері туралы дәрістер де бар. Сондай-ақ бұл жиында қазақ басылымдарын озық тәжірибеге бағыттау шаралары да жан жақты талқыланды. Елордадағы форумнан әріптесіміз сөз алсын.