Референдумға 9 күн қалды. АЭС жайында халыққа толық ақпарат жетті ме? Өңірлерге аттанған сенат, мәжіліс депутаттары қандай шаруалар атқарды? Мұның барлығы еліміздегі көшбасшы партияның бақылауында.
 Осыған орай, шымкенттік журналистер «AMANAT» партиясының ұйымдастыру жұмысымен танысты. Астанадағы партияның бас өкілдігіне барған әріптестеріміз қызу тіршіліке куәгер болды. Халыққа толықанды  шынайы хабар жеткізуде саяси ұйым өкілдері белсене атсалысып жүргендерін айтады. Өйткені депутаттардың әр ісіне мониторинг жүргізіліп тұрады. «Бұл жердегі басты мақсат – алда өтетін референдум маңызын ашып және дәлелді ақапараттармен түсіндіру. Халыққа атом электр сатанциясының еліміз үшін тиімді тұсын нақты фактімен және ғалымдардың айтқан пікірлерін ұғындыру», - дейді саяси ұйымның ұйымдастыру және аумақтық жұмыс департманетінің директоры Жанар Бектаева.