Ерекше жандар жайлы орта қалыптастырып, қоғамның барлық салаларында кедергісіз қызмет атқаруы тиіс. Назардан тыс, тасада қалмауы шарт. Осылай деген қала әкімдігі мүмкіндігі шектеулі жастар арасында қол өнер шеберлерінің көрмесін өткізді. Сондай-ақ шара аясында мәдени мұражайлар мен көрікті жерлерге экскурсия ұйымдастырылып, үстел теннисінен турнир өтті.

Тұрар Тұрмысов – көптің көңілінен шығып, жүрегін елжіретін «Сәт» триосының экс солисі. Қазір ол жеке орындаушы. Репертуарында 20-ға жуық авторық әндері бар. Тағдырластарға қолдау көрсетіп, осы сынды шараларға жиі қатысады.
 – «Мен сәт триосының бұрынғы әншісімін. Қазір мына «тең қоғамның» іс-шараларына қатысып тұрамын.» 01:21, 01:26 – «Енід жақын арада ән кешімді ұйымдастыру жоспарда бар.

Жиынға қала әкімінің орынбасары арнайы қатысып, ерекше жандарды бағалы силықтармен марапаттады. Оларға қолдау көрсетіп, сәттілік тіледі.  

 СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
– «Мемлекет те үкімет те сіздерге қолдау көрсетуден аянбайды. Үнемі жағдай жасайтын болады. Шығармашылықтарыңызға табыс тілеймін, қиялдарыңыз ұшқыр бола берсін»                   

Іс-шара аясында жастарды қолдау мақсатында мемлекеттік бағдарламалар мен кәсіпкерлікті меңгеру бойынша оқыту курстары өткізіліп, 20 ерекше жан біліктілігін ұштады.