Қазақстан 124 түрі этнос өкілі бір шаңырақ астында тату тәтті, тонның ішкі бауындай бірлікте, ынтымақта өмір сүретін көпұлтты мемлекет. Ел ертеңі үшін еселі еңбек етіп, ортақ мүдде жолында аянбай тер төгіп жүрген дисаспора өкілдері біз үшін өзге ұлт емес – отандастар. Осылай деген қоғамдық даму басқармасы «Ішкі тұрақтылық – бірлік пен өркендеудің кепілі» атты семинар ұйымдастырды. Жиынға басқарма басшылары мен зиялы қауым өкілдері қатысып, ел ынтымағы жөнінде ой талқы өткізді.

Ішкі тұрақтылықты сақтап, қоғамдық келісімді дамыту – біздің ел үшін аса маңызды жәйт. Олай үшін қазақстан халықтары ынтымақ-бірлігін жазбай, ортақ мүдде жолында әрекеттенуі шарт. Осы тұжырымға бекіген алқалы жиын, ел ішілік мәселелерді күн тәртібіне қойып, талқылады.

ҒАЛЫМ ШОЙКИН, ҚР ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ДАМЫТУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
– Этно ұйым басшылары жұмыстарын жүргізіп жатыр әрине, енді бұл жұмыстарды әрі қарай да жетілдіруіміз қажет» «Елдегі тұрақтылықты дамытуға. Бірлік пен ынтымақтастықты дамытудың үлесін талылау»
Өркендеу мен даму кепілі – тәлім-тәрбиеде. Білім-ғылыммен қаруланған қоғам дау-дамай мен жанжалдан ада, жасампаздыққа жақын болады. Осылай деген семинар мүшелері тәлім меселесіне де жіті назар аударып, атқарылып жатқан жұмыстар барысын сараптады.

ҚАЙРАТ АНАРБАЕВ, Ө.ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ-НІҢ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ
 – «Біз күнделікті жасап жатқан жұмыстарымызды, стаздарға беріп жатқан тәлім-тәрбиелік мәселелерді елмен бөлісуге, оның бағыттарын одан әрі айқындауға..»  – «Еліміздегі ішкі тұрақтылықты сақтауға, болашқта не жасау қажетін анықтап отырамыз» - 

 Жиынға қатысушылар пікір алмасып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталып, ұсыныстар негізінде жоспар даярланатыны айтылды.