Түркістанда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдында «Бірыңғай есеп беру күні» іс-шарасы өтті. Жиынға облыс әкімдігі, прокуратура, Экономикалық тергеп тексеру, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының басшылық құрамы қатысты.

 Жиынның мақсаты – билік пен бизнестің арасында сындарлы диалогты арттыру. Бизнес өкілдерімен бірге өңірдегі бизнес-климатты және инвестициялық ахуалды талқылау.  Іс-шарада Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров кәсіпкерлікті дамыту өңірдегі басым бағыттардың бірі екеніне тоқталды.
 НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ  - ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
- Бүгінгі таңда облыста Түркістан облысында 210 ға жуық шағын және орта бизнес қызмет етеді. ТО шағын бизнес бойынша Астана мен Лматы қалаларынан кейін үшінші орында. Кәсіпкерлерге қолдау көрсету әкімдік жұмысының басым бағыты болып табылады.
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов бизнесті және инвестицияны қолдау бойынша атқарылған жұмыстарды саралап, инвестициялық мүмкіндіктер туралы кеңінен тоқталды.
НҰРЖІГІТ МЫРЗАХМЕТОВ  - КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
- Сегіз айдың қорытындысымен өңірге тартылған инвеститция көлемі 596 миллиард теңге. Өткен жылмен салыстырғанда 125,6 пайызды құрап отыр. Бұл ретте жоғарыда аталған индикатор қорытындысымн 1 триллион 149 миллиард теңгені орындаймыз деп жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар 2024 жылғы өңірге тікелей шетелдік инвестиция көлемі 467 миллион ақш доллары көлемінде бекітілген.
 Сонымен қатар Полиция департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті, Облыстық санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері бизнесті қолдау және қорғау жөнінде баяндамалар жасап, өзекті мәселелерді ортаға салды.  Басқосуда бизнес өкілдері өз өтініштері мен ұсыныстарын айтып, қордаланған мәселелерді шешу бойынша облыс әкімдігі мен құқық қорғау органдарымен бірлескен хаттама түзілді.