Мүлік салығы - жер не ғимарат үшін төленетін мемлекетке жарна. Ол салық мөлшерлемесі мен жарна базасы негізінде есептеледі. Биыл төлем жасауы тиіс 211 мың жеке тұлғаның 72 пайызы міндетті жарнаны уақытылы төлеген.
Қалған азаматтар осы жылдың 1 қазанына дейін салық берешегін түгел өтеуі тиіс. Төлем уақытынан кешіккен жағдайда, тиісті хабарлама жолданып, ескертіледі. Оған бейжай қарап, 30 жұмыс күні ішінде төлем жасамасаңыз, іс сот орындаушыларға жолданады. Егер, қалыптасқан берекшек соммасы 40 айлық есептік көрсеткіштен асса, тұлға есепшоты бұғатталып, ел аумағынан шығуға тыйым салынады.
АСХАТ ТОЛЫМБЕКОВ, МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ
 – «Аталғ «40 АЕК-тен жоғары берекшек болған жағдайда азаматтарға ҚР аумағынан шығуға шектеу қойылады. Одан бөлек сот орындаушылар өз қызметі үшін 25 пайыз төлем өндіріп алады. »