Түркістан облысында қуаты 1000 Мвт дейінгі бу-газ қондырғысы базасындағы электр станциясы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынуда. Барлық жұмыстар қатаң түрде кесте бойынша жүргізіледі  Қазіргі уақытта су дайындау ғимараты мен тазартылған сарқынды су резервуары үшін күшейтілген (арматуралық) қаңқаларды монтаждау, сонымен қатар, негізгі жабдықтар мен газ және бу турбиналары, сондай-ақ қалдық жылу қазандарының іргетасын салу жұмыстары жүргізілуде.
 Электр станциясының құрылысы бойынша жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде. Сонымен қатар, "Түркістан БГҚ " инженерлері сынақ басталған жабдықты өндіруші зауыттарға жұмыс сапарын жасады.
НИЯЗ МУСАТАЕВ , «БГҚ ТҮРКІСТАН» ЖШС-НІҢ ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:   
- Бүгін біз негізгі құрылғының алаңға жеткізу және құрастыру кезеңіне келіп жеттік.  Біздің инженерлер «Siemens», «Doosan Škoda Power» және Nooter Eriksen сияқты жетекші еуропалық өндірушілердің жабдықтарында сынақ жұмыстарын бастады.
 Жобаның басты мақсаты – Түркістан облысында электр энергиясының тапшылығын төмендету. Бас мердігері – Оңтүстік Кореяның "Doosan Enerbility Co." компаниясының және қазақстандық «Bazis Construction» ЖШС Консорциумы.

ГИХУН БЭК , DOOSAN ENERBILITY ЖОБАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:  
-  Алдымен төрт блок газ турбиналары жеткізіледі. Олар қазір дайындық кезеңінде. Турбиналар Германияның Siemens компаниясынан жеткізілетін болады, ал алғашқы турбиналардың жүктелуі осы жылдың қараша айында басталады. Біз «БГҚ ТҮРКІСТАН» ЖШС-мен бірлесе отырып, сынақтар жүргізіп жатырмыз.
Жоба жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға оң әсер етеді. Құрылысшылар үшін ыңғайлы жағдайлары бар вахталық қалашық ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта құрылыс алаңында Сайрам, Төлеби, Түлкібас аудандары мен Шымкент қаласынан 350-ден астам жергілікті тұрғын жұмыс істеп жатыр. Жұмыс кестесіне сәйкес және жұмыс көлемінің артуына байланысты, қосымша жұмысшыларды тарту жоспарлануда. Электр станциясы құрылысының шыңында 2000-нан астам маман, оның ішінде басқарушы және инженерлік-техникалық қызметкерлер жұмылдырылады.
 РАХМАТУЛЛА АЛДАМУРАТОВ , «BAZIS CONSTRUCTION» ЖШС-НІҢ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:  
- Қазіргі уақытта 100 мың кубометр бетонның 25%-ын және 20 мың тонна металлоконструкцияның 20%-ын игердік. Жақын арада біз объектіге қосымша жұмысшыларды тартуды жоспарлап отырмыз.
  Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, газ турбиналарын қолдану арқылы қазіргі заманғы бу-газ қондырғысының негізінде электр энергиясын өндіру — ең үздік қолжетімді технологияларға жатады. Электр станциясының пайдалы әсер коэффициенті 53%-ға жетіп, бұл көрсеткіш еуропалық жоғары стандарттарға сай келеді. Сумен жабдықтаудың айналымдық циклдерін барынша пайдалану табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға және қоршаған ортаға  аз әсер етуге мүмкіндік береді.