Қыркүйектің соңғы жексенбісі Еңбек күні. Ел дамуына үлес қосып келе жатқан қарапайым еңбекқор жандарды ұлықтайтын мереке. Президент те биылғы Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған еді. Ал бұл бастама еңбек адамының беделін көтеруге серпін беретіні анық. Әр салада кәсібилік танытып жүрген жандар жетерлік. Тынымды тірлігімен ортасына үлгі тігіншініні біз де мереке қарсаңында құттықтап қайттық.
Мария Нұрымбетова хоббиін кәсіпке айналдырған. Алғашында үйде балаларының керек-жарағын тігіп жүрген жан бүгінде белгілі текстиль фабрикасында шебер тігінші. Оның айтуынша, кез-келген келіншектің ине ұстауға қабілеті болады, бастысы оны ары қарай дамытуға қызығушылық пен ынта-жігер қажет.
МАРИЯ НҰРЫМБЕТОВА, ТІГІНШІ
 -Дәл қазір мына боксердің голвигін сызып, заготовка жасап жатырмыз. Одан кейін мына жерде отырып тігемін. Размерлері шатасып кетпес үшін әрқайсысына жазып қоямыз.  Тігін тігуге кішкентай кезімнен ебім бар, үйде отырып тігетінмін. Кейінірек осы фабрикаға келіп тігінші болып жұмыс істеп жатырмын. Үш жыл болды.  Бұл жерде түрлі-түрлді нәрсе тігесің, ананы тігіп үйренесің, мынаны тігіп үйренесің, өзіме машина тігу ұнайды.
Адал еңбек, маңдай термен келген табыс берекелі болады. Ұл-қызың да үлгі алып, жастайынан жұмыстан қашпайды. Тіпті бүгінде ортаңа еңбегіңмен ғана сыйлысың дейді, - біздің кейіпкер.
 МАРИЯ НҰРЫМБЕТОВА, ТІГІНШІ
-Қыз-келіншектердің тігін тіге білгшені дұрыс қой, өздеріне жақсы, бала-шағасына, ұрпағына үйретеді. Өзіңнен шыққан нәрсе пайдалы ғой, бала-шаға киеді мәз болып, апамыз тігіп берді деп. Просто ерінбей жұмыс істесең барлық жерде жұмыс бар. Өзіңнің мамандығыңды сүйіп істеу керек та, сол кезде нәтиже жақсы болады.
Мария мен ондағы қыз-келіншектердің қолынан шығатын балалар киімдері мен ерлердің жеңсіз жейдесі сұранысқа ие. Отандық өнім сапалы әрі қолжетімді бағада болуынан бәсекеге қабілетті дейді.
ЖҰЛДЫЗАЙ КӨШЕКБАЕВА, КӨПСАЛАЛЫ ТІГІН ФАБРИКАСЫНЫҢ ТЕХНОЛОГЫ
 -Мария ұжымдағы ең жоғары санаттағы тігінші деп айта аламын, жақсы тігінші. Барлық тігін машина түрін, тігін түрлерін жақсы біледі, кез келген уақытта өзі алып кете алады.  Матаны Өзбекстан мен Түркиядан алдыртамыз, біздегі мата материалдарының құрамында синтетика жоқ, ешқандай синтетиканы қолданбаймыз. Қазір біз тігіп жатқан өніміміз майка, ерлер іш киімі. Күнделікті 1000-2000 штукқа дейін дайын өнім шығады.
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағындағы тігін фабрикасында 20-дан астам адам еңбек етеді. Олардың шығарып жатқан отандық өнімі Шымкенттен өзге де қалаларға экспортталады. Өнім көлемін арттыру мақсатында жеңіл өнеркәсіп мамандарын, тігінге қызығатын қыз-келіншектерді жұмысқа шақырып отыр.