Шымкентте әлеуметтік тауар қатарына кіретін 10 заттың бағасы арзандаған.  Жыл басынан бері азық-түлік тауарларына баға белгілеу тізбегіндегі делдалдық схемаларды тексеру бойынша өңірлік комиссияның 70 отырысы өтті, оның ішінде Шымкентте жергілікті жерде мониторинг жүргізілді.
 Атап айтқанда, 1 сұрыпты бидай ұны – 7,1%-ға, қарақұмық – 32,7%-ға, сары май – 6,9%-ға, айран – 8,6%-ға, сәбіз – 7,6%-ға, пияз – 4,5%-ға, қырыққабат – 26%-ға арзандады. Қант, күнбағыс майы, сүзбе бағасының да өзгерісі тіркелді. 670 сауда субъектілеріне тауар үстемелерін жоғарылату фактілері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, делдалдық схемалар анықталды. Бөлім мамандары мен аймақтық комиссия мүшелері әлеуметтік маңызы бар тауарларды делдалсыз тікелей өндірушілер мен жеткізушілерден сатып алуды ұсынды. Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша 164 өнімсіз делдал жойылды.