Отырар ауданында «Ер есімі - ел есінде» атты ғылыми-теориялық конференция өтті. Кеңес Одағының батыры Сейітқасым Әшіровтың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған шараға ақын-жазушылар, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері және аудан тұрғындары қатысты.
 Киелі Отырар ауданына арнайы келген қонақтар алдымен батырдың туған жері Қоғам ауылындағы Сейітқасым Әшіров мектебінде өткен еске алу шарасына қатысты. Жиынға келген көпшілік «Арыс жағалауы» саябағындағы Отырар ауданынан шыққан қос батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Тұлғаның Екінші дүниежүзілік соғыста туған елін, жерін жаудан азат етуде жанқиярлық ерліктің үлгісін көрсетіп, майдан даласындағы көзсіз ерлігі болашақ ұрпаққа өшпес өнеге болатыны жайында келелі ойлар айтылды.
Мәдениет сарайында батырдың жүріп өткен еңбек жолдары мен өмірін баяндайтын кітап көрмесін қойылып, конференция өтті  Спикерлер тақырып аясында баяндама жасап, қан майданда ерлік көрсетіп, елге келгеннен кейін де бірнеше жауапты қызметтерді атқарған батырдың есімін ұлықтау бүгінгі ұрпақтың парызы екенін атап өтті.
 Майданнан елге келген соң да еңбекке араласып Шәуілдір аудандық партия комитетінде нұсқаушы, Қызылқұм аудандық сотында халық судьясы, Шардара кеңшарында директордың орынбасары, Көксу, Шардара кеңшарларында зоотехник, 1975-1987 жылдары Шардара кеңшарының директоры болып зейнетке шыққанға дейін еселі еңбек етті.
 Шарада С.Әшіровтің 100 жылдығына арналған кітаптің тұсаукесері өтіп, қазақ батырының өмірін баяндайтын туынды көпшілікке таратылды.