Республика күнін мерекелеу басталып кетті. Атаулы күн қарсаңында думанды концерт, ғылыми конференция, зиялы қауым отырысы сынды іс-шаралар қарқын алған. Қатарына «Тарих тағылымынан – тұғырлы тәуелсіздікке» атты жастар шеруі қосылды. Қолына ту ұстап, қала көшелерін әнұран айтып жүріп өткен топ: «Ұлттық рәміздерді ұлықтап, оған құрмет көрсету әрбір азматтың перзенттік борышы» дейді. Толығырақ тілші тарқатады.

ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Көк тудың жебірегені жаныма қуат береді. Көк байқарқы көкте желбірету тек спортшылардың ғана емес, сіз бен біздің де азматтық борышымыз. Осы ұранды бетке алған еріктілер «қазақ хандығының 500» жылдығы монументінен «тәуелсіздік саябағына» дейін шеру жасамақ. Екі ортада еріктілер көк туды желбіретіп, әнұранды әулетеді.
Шара эстафета форматында өтті. 20 оқу орынынан жиналған 750 студент әр бекет сайын бір-біріне көк байрақты табыстап, шеруді жалғастырды. 10 шақырымға жуық жол жиегіне осындай 20 бекет ұйымдастырылған.

АРУЖАН ӘЛЖАН, ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫ ОРЫНБАСАРЫ
 – «Бұл шараның мақсаты Керей мен Жәнібек құрған хандықтан тәуелсіздікке жету жолын көрсету. Осы аралықта қандай оқиғалар орын алды соны жастарға түсіндірдік»

Шеруге шыққан еріктілерді жол бойы полиция қызметкерлері күзетіп, қауіпсіздігін қадағалады. Ұйымдастырушылардың айтуынша: аталған шара бір жағынан ұлттық рәміздерді ұлықтаса, екінші жағынан оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты күшейтеді. Түрлі мекеме студенттері бір алаңға тоғысып, пікір алмасып, достық қатынас қалыптастырады.

ТҰРАН ӨСЕР, СТУДЕНТ
 – «Кез-келген ұлтқа берілген тәуелсіздікпен бірге берілген бақыт бұл әнұраны, туы сосын елтаңбасы. Бұл екінің біріне берілмеген бақыт!»
 Ұйымдастырушылар шерудің көздегені жас өрен санасына отансүйгіштік қасиетін сіңіріп, патриоттық сезімдерін жетілдіру дейді.