Онкологиялық аурулардың алдын алу маңызды. Ол үшін бірінші кезекте әрбір адам өз денсаулығына мұқият болуы керек. Дәрігерлердің де біліктілігі маңызды. Осы мақсатта Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциациясы арнайы іс-шара өткізді. Облыстық клиникалық ауруханасына аудан-қалалардың бас онколог дәрігерлерін жинады.
 Медициналық ұйымдарының онколог дәрігерлері мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға жауапты дәрігерлер үшін арнайы жиын ұйымдастырылды. Мақсат - ұйқы безі, тері обырлары мен сүт безі қатерлі ісігінің алдын алудағы медицина мамандарының рөлін арттыру.  
 Халықтың өмір сүру жасын ұзарту, өз денсаулығына жауапкершілігін арттыру, қолжетімді сапалы медициналық қызметтерді халыққа ұсыну арқылы онкологиялық аурулардың алдын алуға болады. Дәрігерлер обырдың дамуына бейім факторлар дұрыс тамақтанбау, зиянды әдеттер мен  аз қозғалу екенін тағы бір еске салды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, өлім көрсеткіші бойынша жүрек-қантамырлары аурулары бірінші орында тұр. Ал қатерлі ісіктер 16% көрсеткішпен екінші орында екен. Сондықтан да аудан-қалалардан келген онколог дәрігерлдердің біліктілігінін әркез арттырып отыру маңызды дейді, - ұйымдастыруышылар.
 Елімізде жылда тіркелетін кісі өлімінің 11 пайызы ішімдіктін кесірінен. Осылай деген мамандар алкогольді тұтыну салдарынан туындайтын психикалық және мінез-құлық бұзылыстарына тоқталды. Психиатр, психолог дәрігерлер қаысушыларға арнап семинар өтті. Конференция соңында салауатты өмір салтын насихаттау арқылы бұқаралық спортпен айналысушылардың қатарын арттыру маңызды екенін айтылды.