Шымкенттің Еңбекші ауданына келер жылы 100 пайыз табиғи газ жетеді. Қазір жаңақұрылыс аймақтарындағы қамтылмаған 6000-ға жуық абонент бар. Әзірге көрсеткіш жалпы ауданда – 90,7 процент. Бұл туралы Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек мәлімдеді. Брифингте бұдан бөлек инженерлік-инфрақұрылым мәселесі де қозғалды. Келесі сюжетте.
Еңбекші ауданының аумағы 22 800 гектар, халық саны 228 830-ге жетті. Аудан аумағындағы 29 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Еңбекші ауданында инфрақұрылым жүйелерін дамыту туралы 2022-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасымен бекітіліп, жұмыстар жүргізіліп жатыр.
 Ауданда табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші 90,7%. Оның ішінде: мемлекеттік жүйеде 73%, жекеменшік жүйедегісі 17,7%. Қамтылмаған 9,3%-ды мемлекеттік жүйемен қамту 2024-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарына енгізілді.
 2024 жылдан бастап Шымкент қаласының маслихат шешімімен ирригациялық арықтарды орнату жұмыстары Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан жүргізіледі. Қазіргі таңда 5 көшеге ирригациялық арықтар орнатылды. Халықты алаңдатқан мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп