Шымкентте 70 жуық қария қарттар үйін паналауда. Оларға орталықта 7 бағыт бойынша қызмет көрсетіліп, денсаулықтарын жақсартуға барынша жағдай жасалған. Ол үшін 64 қызметкер жұмылдырылған. Толығырақ алдағы бейнематериалда.

 Рахымқұл Смадияровтың орталыққа орналасқанына жылдан асыпты. Келгелі бері денсаулығының біршама жақсарғанын алға тартқан қария, барлық жағдайдың жасалғанын айтады. Осында өзінің екінші жартысын тауып, отау құрыпты.   
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты №10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында бүгінде  
68 қария бар екен. Оларға 7 бағыт бойынша қызмет көрсетіліп, денсаулықтарын жақсартуға барынша жағдай жасалған. Ол үшін 64 қызметкер күндіз-түні қызмет көрсетіп отыр.
Орталықтан пана тапқандардың арасында  I, II топтағы мүгедектері де бар. Оларға стационарлық жағдайда көмек көрсетілу барысында қол арбасын тастап, аяққа тұрғандары да бар екен. Туғанынан көрмеген жақсылықты осындағы қызметкерлерден көрген қарияларлардың алғыстан басқа айтары жоқ.