Нұртас Оңдасынов – 13 жыл қазақ үкіметін басқарып, толағай табысқа кенелткен көшбасшы. Көзін көріп, ақыл-кеңесін алғандар: «Оңдасынов, қола алған ісін тынымды, жетесіне жеткізе істейтін» - деп еске алады. Теміртау мен Ақтау қалаларының атауын қойып, билік шеңберіне Қонаев пен Сатпаев сынды мықтыларды шоғырландыра білген басшы, ғылым-білім саласына да баса назар аударған. Іргелі оқу орындарын ашып, қазақ жастарын біліммен қарулануға шақырды. Биыл, аталған алыптың туғанына 120 жыл. Мерейтой қарсаңында түрлі іс-шара атқарылып, азамат тұлғасын дәріптейтін жиындар өткізілуде. Толығырақ тілші материалында.

Іргелі оқу ордасы М.Әуезов, Алматыдағы қыздар университеті, Өнер консерваториясы және ғылым академиясы. Аталған нысандар Нұртас Оңдасыновтың ұйытқы болуымен ашылып, ғасыр бойы жастар талантын танып,  талабын жонып келеді. Өкініштісі, білім-ғылымға көп көңіл бөлген алыптың өзі мектеп бағдарламасына енбеген. Жастар жағы жіті танымайды. Осылай деген Тұран Өсер наркескенге лайықты құрмет көрсете алмай жүрміз деп ашынады.

 ТҰРАН ӨСЕР, СТУДЕНТ
 – «Нұртас Оңдасынов деген есім мекеп бағдарламасында жоқ. Мен түгел оқып шыққан, оны бәрі біледі.» «Жұмабек Тәшенов ағаларымыз керісінше Н.Оңдасыновтан үлгі алып, қазақ жерінің тұтастығын қорғаған екен.  Тәнті етті!»

 Ұлының ұлтқа еткен еңбегін насихаттап, жастарға дәріптеу мақсатында Пушин кітапханасында мертойлық іс-шара өтті. Жиынға аға буын өкілдері атсалысып, тарих беттерін парақтады. Қайраткер еңбектерінен ақпар беріп, жүріп өткен жолын үлгі етті.

 ФЕРУЗА КЕНЖЕВА, КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТКЕРІ
– «Жас өренге мына кештен алар сезімі, отансүйгіштік сезімдерін ояту, олардың халықымызға деген сүйіспеншіоігін арттыру»
СПИКЕР: СҮНДЕТ СЕЙІТОВ, КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТКЕРІ
 – 1938 жылы ақтаңдақтарымыз атылып жатқанда мыңның ішінен топ жарық қазақты қара тануға, сауатын ашуға баулыған адамды біз батыр деп атасақ болады!»

 Нұртас Оңдасынов үкімет басшысы ретінде 8 жылдық мектепті міндеттеп, жас өренге ғылым-білім маңызын жете ұғындырды. Қазақ топырағындағы тұңғыш мұнай өңдеу зауыты да дәл осы азамат пәрменімен ашылған.