Республика күні қарсаңында Абай ауданының бір топ азаматы арнайы марапатталды. Аудан әкімінің қолынан алғыс алғандардың қатарында мұғалім, дәрігер, құқық қорғаушы мен тазалық мамандары да бар. Олар елдің бүгінгі жетістігі - Тәуелсіздік жемісі деп отыр.
 Тәуелсіздік – еліміздің жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі. Бүгінгі күніміздің жетістіктері азаттықтыңтың арқасында келді. Отыз жыл ішінде елдің әл-ауқатын көтеріп, тұрмысы түзелді. Жиында негізінен осындай ой айтылды.
Айдан әкімінің қолынан марапат алғандардың бірі – Алма Маратбекқызы. Білім саласының маманы бүгінгі марапат алдағы жұмысыма жігер береді,-деп отыр.
АЛМА МАРАТБЕКҚЫЗЫ, БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МАМАНЫ
Мен өзім таңертең естідім, осындай марапат аласыз деді. бұл маған үлкен мотивация болып отыр. Мен жұмыс істейтін Абай ауданында қандай да бір мәселе болған емес. Сол еңбегімді бағалағанына рахметімді айтамын.
Республика күні – ұлттық мереке. Осынау күні абайлықтар үшін ән шырқалып, би биленді. Аудан тұрғындары еліміздің саяси ахуалына қатысты викториналық сұрақтарға жауап беріп, арнайы сыйлықтарға қол жеткізді.