Шымкентте бір ғана сейсмикалық станция бар. Бірақ оның өзі күрделі жөндеуді талап етіп отыр. Құрылғылары ескіріп, ғимаратының тозығы жеткен. Бұл мәселе қалалық прокуратураның ұйымдастыруымен өткен Үйлестіру кеңесінің отырысында талқыланды. Сондай-ақ 7 балдық жер сілкіну қауіпі бар қаладағы тұрғын үйлердің сейсмикалық жағдайы айтылды.

Еліміздің оңтүстік өңірі 7-8 балдық жер сілкіну қауіпі бар аймаққа жатады. Сейсмологтар таулы аймаққа қарағанда жазықта орын алатын дүмпудің қаупі басым екенін айтады. Оған өткен ғасырдың 1929, 1968 жылдары орын алған Шиелі жер сілкінісі дәлел.  
АЙГҮЛ ДАНАБАЕВА - СЕЙСМОЛОГИЯЛЫҚ БАЙҚАУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ
 Шымкент қаласы бұл жер сілкінісінен 250 километр қашықтықта орналасқан. Жер сілкінісі 7 балмен болды эпид центрда.  250 килметрде орналасқан Шымкеннтке 6 балмен жетті. Яғни бұл мынау далалық жерде болған жер сілкінісінің қарқындылығының күші басылмайды қанша километр өтседе жәй басылады.
Қалалық төтенше жағдайлар департаменті Шымкенттегі жалғыз сейсмо станция ескіріп, құлаудың аз-ақ алдында тұрғанын айтып дабыл қағып отыр. Ғимаратты жаңартып, құрылғыларын ауыстырмаса айтып келмейтін апаттың алдын алу қиынға соғады дейді.  
ЕРКІН ОТАРҒАЛЫМҰЛЫ – ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОЫРНБАСАРЫ
 Қала әкімінің өзі барып қарады. Аталған 2024-2028жылдарға бекітілген жоспарға сәйкес қала аумғында біншеше жаңадан сесмостанция салу жоспарланған. қазіргі таңда қолдағы бар станция тек қана дүмпулерді ғана сезеді. Бірақ та олардың күштілігі, шыққан орны, және де уақытылы хабар беруге мүмкіндігі жоқ.
 Жалпы Самал шағынауданында орналасқан станцияда деректерді жинау, талдау, өңдеу, жер сілкінісі ошақтарының класын, магнитудасын және бағытын анықтау жұмыстары жүргізіледі. Ал құрылыс басқармасы 2012-2020 жалдар аралығында  35 үйге сейсмонығайту, 143 үйге техникалық зерттеу жұмысын жүргізіпті. Қорытындысына сәйкес, 107 үйді бүзуға ұсыныс берілген. Құрылыс басқармасының өкілі инновациялық технологияны қолдану қажет емес, себебі Шымкентте 9 балдық жер сілкінісі болмайды, қауіп жоқ дегенді алға тартады.
ЕРДАУЛЕТ АЖИБАЕВ – ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
- Инновациялық технологиялар ол төзімді іргетастар мен амартизаторлар болып саналады. Олар уникальный объект дейді конструкциясы күрделі объектілерде, ол 25 этаждан ары қарай. Сонымен қатар сесмикалық аймақтығы 9  балдан жоғары аймақтарда қолданылады. Сол себепті Шымкент қаласында 7-8 балға дейінгі конструкция есептелінгеніне байланысты бізде қажеттілік жоқ.
  ҒАБИТ МҰҚАНОВ – ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ
- Біз Турцияда жер сілкінгенде көрді. Ол жерде үлкен бал болған жоқ бірақ бүкіл үйлер құлап қаншама адам қаза тапты. Иына сіздің ауабыңыз қабылданбайды. БІзде 7 бал онға керегі жоқ деп. Оны бір Алла біледі. Ешкім осы жерде отырған және зерттеп отырғандар да айта алмайды. ШЫмкентте 7 бал одан артық болады болмайды деп. Біздің мақсатымыз ертең 1 бал болсын, 10 бал болсын жер сілкінгенде Турциядағы үйлер карта сияқты құлап қамас үшін инновациялық технологияны қолдануымыз қажет.
Мамандар жер сілкінісі қаупі ең жоғары өңірлерге Алматы мен Шымкент қалаларын, сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Абай, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарын жатқызған. Сейсмикалық станциялар кейінгі 5 жылда 45 мыңнан астам дүмпуді тіркеген. Оның көбі төмен балдық жер сілкінісі. 2028 жылға дейінгі кешенді жоспар аясында қолданыстағы 70 станса жөнделмек. Сонымен қатар тағы 285 станция орнату жоспарланған. Айта кетейік, соңғы жеті жылда Шымкентте магнитудасы 2 балдан асатын 16 жер сілкінісі орын алған. Ғимараттардың қирауы мен құрбан болғандар тіркелмеген.