Теміртау мен Ақтау қалаларының атауын қойып, билік шеңберіне талант пен талап тартқан қазақ қайраткерін білесіз бе? Ол үкімет басына келген жылдары жеке басының қамынан халық мүддесін жоғары қойып, іргелі оқу орындарын ашты. Қазақ ғылым академиясы мен қыздар университеті, өнер кансерваториясына негіз салып, қазақ жастарын білім алуға шақырды. Тұтас мемлекет тізгіні тұрған шақта маңайына шын мықтыларды жинады. Қаныш Сатпаев, Дінмұхаммед Қонаев сынды таланттарды тасдан байқап, өрлеуі мен төрлеуіне ықпал етті. Қазақ мәдениетін жандандырып, руханиятын түлетті. Ол кім еді? Айтайық. Ол – қазақ үкіметін 13 жыл басқарып, орасан зор жетістікке жетелеген – Нұртас Оңдасынов еді.  

Жарылқасын Әзіретбергенұлы – аталған алыптың көзін көріп, ағалық кеңесін алған ізашары. Айтуынша, ол Нұртас Оңдасыновтың ізінен еріп, 17 жыл бірге жүрген. Сөзінше, тұғырлы азамат жершілдік пен рушылдықтан алыс, өзімшілдіктен ада болған. Уысында уыты мен  құзіреті бар шақта қолда барды қонышынан басып, қызметке қарындасын, ірі іске інісін ілістіріп алсам демеді. Танитынын емес, таланаты барды қолдап, демеу көрсетті.
ЖАРЫЛҚАСЫН ӘЗІРЕТБЕРГЕНҰЛЫ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
 – «Түркістанда 20 аудан бар. Соның бірін алып берсеңізші маған дедім. Сол ауданның бірінің басшылығын алып берсеңізші маған дедім. Сонда ол кісі дауысын қаттырақ шығарып, «Жаһанжан!» деуші еді. Мені ондай шаруаға салма, сен түгін өзімнің әкем Оідасын тіріліп келсе де мен ондай істі істемеймін деді»

 М.Әуезов атындағы университет қас бетіне ескерткіш тақта орнатылып, ашылу салтанаты өтті. Жиын одан әрі ғылыми-практикалық конференциға ұласып, зиялы қауым мен қала басшылығы баяндама жасады. Қала әкімінің орынбасары, шаһар басшысы жолдаған құттықтау хатын оқыды.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
 – «Ұлтына қалтқысыз қызмет еткен Нұртас Оңдасыновтың өмірі бүгінгі жас ұрпаққа үлгі-өнеге.» «Асыл тұлғаның туыстары мен бауырларын құттықтай отыра, конференция жұмысына сәттілік тілеймін. Құрметпен қала әкімінің орынбасары – Ғабит Сыздықбеков!»

 ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ: 

Қазір біз қазақ халқы қонақжай, соғыс заманында шешен мен ингушқа төрін беріп, ажалдан аман алып қалған деп мақтанамыз. Міне, сол ірі іс басында Нұртас Оңдасынов тұрды. Күштеп жер аударылған 2 млн босқын тағдырына ашынып, ас-сумен, баспанамен, жұмыспен қамтуға ұйғарым шығарды.

Үкімет басшысы ретінде 8 жылдық мектепті міндеттеп, жас өренге ғылым-білім маңызын ұғындырды. Қазақ топырағындағы тұңғыш мұнай өңдеу зауыты да дәл осы азамат пәрменімен ашылған.
МАРҒҰЛАН ЗҰЛҚАРНАЙЫН, Н. ОҢДАСЫНОВТЫҢ ТУЫСЫ
– «Төрт жүзден аса ірілі-ұсақты кәсіп орындар қазақ еліне көшті. Бұрын қазақ елі малшаруашылығымен айналысатын мемлекет болса сол жылдары қанша қиындық болса да Н.Оңдасынов аграрлы экономиканың негізін қалыптастырды.»

Қазіргі таңда әлемдегі ең үздік 500 оқу орынының қатарына еніп, елімізде көш бастап тұрған М.Әуезов университеті бір кездері тоқырауға ұшырап, жұмысын тоқтатудың аз-ақ алдында тұрған. Ғылым-білімді алдыңғы қатарға шығарған үкімет басшысы мәселеге өзі араласып, түйіннің күрмеуін тарқатады.
 ҒАНИ БЕСБАЕВ, М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚУ РЕКТОРЫНЫҢ М.У.А
 – «Университет 1946 жылы жабылып жатқан кезде Н.Дәндібайұыл Сталинге кіріп шұғыл түрде шешім қабылдатып, біздің университеті аман қалдырды. Сондықтан біздің университет соның арқасында әлемдік оқу орындарымен иық тірестіріп, жетістікке жетіп жатыр»

 Шара аясында университет қабырғасынан Н.Оңдасынов атындағы кабинет ашылды. Енді мұнда студенттер мен оқытушылар қосымша дәріс өтіп, сабақ үлгерімін жетілдіреді.