«Тәуелсіздіктің бағасы мен құндылығын жете түсіну және оны жас өренге ұғындыру аға буынның басты борышы». Осы ұранды бетке алған Еңбекші ауданы тарих беттерін парақтап, жастарға егемендік жайлы ақпар берді. Мерекелік концерт ұйымдастырып, патриоттық іс-шара өткізді. Жиынға зиялы қауым өкілдері мен аудан басшылығы және жергілікті тұрғындар қатысты. Толығырақ тілші тарқатады.
Мереке шымылдығы қоғам дамуына үлес қосып, ісінің үздігі атанған түрлі сала өкілдерін марапаттаумен түрілді. Мәлік Мұсаев – қоғам тыныштығын күзетіп, түрлі тосын жағдайдың алдын-алып жүрген полицей. Айтуынша, бұл сала ауа-райының тосын мінезіне, қарына-жаңбыра, аптап ыстығы мен сарышұнақ аязына қарамай қыр-даланы кезіп, уақытпен санаспай қызмет атқаруды талап етеді.

МӘЛІК МҰСАЕВ, ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ
 – «Полицейдің жұмысы қоғамдық тәртіпті, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету»
 Мәдениет қызметкерлері ән салып, күмбірлетіп күй шертті. Патриоттық шығармалар орындап, көрермен рухын көтерді. Тұрғындар мәз-мейрам болып, өнерпаздарға алғыс білдірді.

 КЕҢЕСӘЛІ ҚАНСЕЙІТОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
– «Мемлекетіміз, Қазақстанымыз гүлдене берсін! Көк жалауымыз көгімізде желбіреп жүре берсін.»

 25 қазан республика мерекесі. Атаулы күн қарсаңында Еңбекші ауданы да түрлі іс-шара ұйымдастырып, тұрғындарға дербес ел құндылығын түсіндіріп жүр.  

ДОСАЛЫ АМАНГЕЛДИЕВ, ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
 – «Өз саябақтарымызда «Шымкент концертпен» бірге мерекелік іс-шаралар ұйымдастыру жоспарда бар.»
Мерекелік концерт Ескендір Хасангелдиевтің «Атамекен