Түркістандық полцейлер осы жылы есірткінің заңсыз айналымына қатысты 629 деректі анықтады. Оның 259-ы – қылмыс, 370-і – теріс қылық. Ал есірткі сату бойынша 35, құрамында есірткісі бар өсімдіктерді заңсыз егу бойынша 67, аса ірі көлемде есірткі сақтау бойынша 10 жайт тіркелді. Жедел шаралардың нәтижесінде бі есірткі зертханасының жұмысына тосқауыл қойылды.
 Тәртіп сжақшылары Батыс Қытай – Батыс Еуропа тасжолы Шымкент қаласының тұрғынынан 79 келі кептірілген марихуана тәркілеген. айрам ауданы көшелерінің бірінде скутер тізгіндеген жас жігіттен 368 доза мефедрон, 50 доза жылдамдық синтетикалық есірткісі, 1 грамнан асатын героин табылған. Түркістан қаласы Самара – Шымкент тасжолы бойындағы жанармай құю бекетінде Шымкент қаласының тұрғынынан 300 грамм мефедрон синтетикалық есірткі заты тәркіленді. Барлық күдікті қамауға алынған. Шымкент қаласында пәтер жалдап, синтетикалық есірткі затын қайнатып, дайындап, телеграмм желісі арқылы жасырын қойып сатумен айналысатындығы анықталды.Ал Түлкібас ауданы тұрғынының ауласынан 1375 түп марихуана есірткісі тәркіленді. Заңмен тыйым салынған өсімдікті күтіп-баптап еккен тұрғынға заңға сәйкес тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Жалпы заңсыз айналымнан 3,5 мың дозаға жуық синтетикалық есірткі заты тәркіленді. Сонымен қатар есірткі жарнамалау, графити жазулары бойынша 8 дерек тіркеліп, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Есірткі жарнамалайтын 94 ақпараттық сайт анықталып, ішкі істер министрлігінің “Киберқадағалау” сараптамасына жолданып, бұғатталды. жыл басынан бері нашақорлыққа және есірткіге қарсы 45 мыңнан астам мектеп оқушысы, студенттер және жергілікті тұрғындардың қатысуымен 295 іс-шара өткізді.