Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Жолдауында цифрландыру мәселесіне ерекше назар аудару керектігін айтады. Ол Қазақстанды   IT-елге айналдыру. Осы мақсатта білім саласында да оңды өзгерістер бар. Айталық қазір «Дарын» орталығы өткізіп жатқан олимпиадаға тіркелу, оны тапсыру және нәтижеге қол жеткізу процесстері түгелімен цифрландырылған.

Қазір Қазақстан электронды Үкіметті дамыту бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарында. Отандық IT-саланың экспорт көлемі өткен жылы ғана бес есеге өсті. Ағымдағы жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 500 миллион долларға жетуі мүмкін. Және бұл даусыз факт. Шымкенттік оқушылар тіпті, жарыс жолында да цифрландырудың игіліктерін сезініп жүр.
Бұл – ХҮІІ Президенттік олимпиаданың екінші іріктеу кезеңі. «Қабілет» олимпаиада ұйымдастыру орталығында өтіп жатқан білім бәсекесі толығымен тікелей трансляцияда бақылау арқылы ұйымдастырылған.
Олимпиада электронды СЕВ форматта яғни, әлемдің білім беру жүйесіндегі озық тәжірибемен өткізілді. Ал, жеңімпаздар халықаралық жарыстарда Шымкент намысын қорғауға мүмкіндік алмақ.