Жаһандану үрдісінде білім,ғылыммен ғана жетістікке жете аламыз.Ал,тіл білу соның кілті,дейді Ордабасылық ұстаз Әбибулла Жақұдаев. Президент марапатынан кейін көз жасына ерік берген педагог Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясында ағылшын тілі пәнінен дәріс береді. 40 жылдан астам еңбек өтілі бар ауыл мұғалімінің шәкірттерінің алды Америкада жұмыс істейді. Тіпті алғашқы түлектері өзімен бірге бір мектепте сабақ береді..   
 Әбибулла Мыңасарұлы әрбір дәрісін толықтай ағылшын тілінде өтеді. Оқушылары да белсенді.Ұстаздарының сұрағына мүдірмей жауап береді.
 40 жылғы еңбегім 45 минутта сыналады.Ұстаз-үйрете жүріп үйренеді. Ұрпаққа терең білім беріп, даңғыл жолға салса ғана нағыз ұстаз.Еңбек адамы деген осы дейді, білікті педагог.
Ұстаз балаға терең білім бере алса ғана ұстаз. 45 минутқа кіріп балаға әр нәрсені бір айтып, балаға сол тақырыпты 30-40 пайыз меңгертпесе ол ұстаз емес. Баланың ойынан шығып, баланың алға ұмтылып, келешек осы ұрпағымызды жалғастыратын осы біздің балапандар ғой, осыларға терең білім беріп, осыларды даңғыл жолға салып, еңбек  жолына салса ғана ол нағыз ұстаз. Міне содан еңбек адамы деген туындайды.
Сыныптағы бітіруші түлектердің барлығы ағылшын тілінде жетік сөйлейді.Сабақтан тыс уақыттарында арнайы әлеуметтік желі арқылы да ақпарат алмасып отырады.Тіпті оқушылар үштік деген баға алып көрмеген. Өйткені ағайлары талапшыл,шәкірттері шетінен алғыр.
40 жыл ұстаздық салада тер төгіп, шәкірттерінің жүрегінен жол тапқан педагогтың алғашқы шәкірттерінің бірі аудармашы болса енді бірі Маллазияда оқып жүр.Ал, өзі шығармасына жетекшілік еткен шәкірті бүгінде өзімен бірмек мектепте сабақ береді.
 Ұлағатты ұстаз осы уақыт аралығында 15-16 әдістемелік нұсқаулық жазған.Жеке авторлық бағдарламасы бар.«Ағылшын тілі процесінде граматиканы ұйымдастыру жолдары» деген авторлық бағдарламасын енді ұстаздар қауымы оқулық ретінде пайдаланбақ. Әріптестері Әбибулла Жақұдаевты әрдайым мақтан тұтады.
Педагог ұғымы білімге немесе құжатқа байланысты емес.Іске деген адалдық пен шәкіртке деген сүйіспеншілік шыңы,дейді Ордабасылық ұстаз.6 жыл бұрын денсауылығы сыр бергенде де аяқтан тұрып кетуіме осы ұстаным негіз болды, дейді Президен қолынан сый алған Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы.