«Дәстүрлі әнім шырқалсын». Шымкентте осындай атаумен жас таланттардың шығармашылық ән байқауы өтті. Биыл екінші рет шымылдық түрген додаға Қаратау ауданының әкімдігі мұрындық болып отыр. Республика күні қарсаңында қолға алынған шара жас дарындардың дәстүрлі әнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында қолға алынған.
Батырхан Байдановтың жасы – 16 да. Қаратау өнер мектебінің шәкірті. 7 жасынан қолына домбыра ұстаған бозбала дәстүрлі әнге әуес. Өткен жылғы байқауда топ жарған. Бұл жолы замандастарына Абайдың «Сегізаяқ» әнімен  үндеу айтты.
БАТЫРХАН БАЙДАНОВ, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
- Абай атамыздың «Сегізаяқ» әнін мен бір жылға жуық уақыт шығардым. Осы уақытта ол әнді терең түсіндім. Абай осы арқылы кейінгі толқынды оятқысы келді. Мен осы әніммен жастарға, достарыма ой салмақпын.
 Сайысқа Батырханмен қатар 12 үміткер қатысты. Сайдың тасындай іріктелген өнерпаздар Республикалық ән додаларында топ жарып жүр. Бүгінгі жиын осы таланттардың шығармашылығын шыңдауға зор мүмкіндік,-дейді аға буын.
 БІРЖАН БАЙТУОВ, ӘДІЛ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ
Қаратау ауданының әкімдігіне рахмет. Осындай шығармашылыққа ден қойып, оны дамытуға, жасөспірімдердің ынтасын ашуға көп көмегін тигізіп отыр. Бұл балалар бірінші рет сахнаға шығып отырған жоқ. әр кезеңде Республика деңгейінде өнер көрсетіп жүр. Бүгін өздерін басқа қырынан көрсетпек.
 Сайыс қорытындысымен топ ішінде үздік шыққан Бекзат Ілесбек Бас жүлдеге қол жеткізді. Батырхан Байданов 1-орын алды. 2, орынды Бауыржан Мұсабек, 3 орынды Нұртаза Жанқараш иеленді. Сайыс жеңімпаздары аудан әкімінің алғыс хаты мен арнайы сыйлықтарға қол жеткізді.