«Қыран елім – Қазақстан». Осындай атаумен Көрме орталығында Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары флешмоб биледі. Іс-шараны Республика күніне орай, Қаратау ауданының әкімдігі ұйымдастырды.
 Флешмобқа Назарбаев Зияткерлік мектебінің 300 оқушысы қатысты. Зияткерлер патриотты әндерге билеп, ұлдар велосипед теуіп, көк туды желбіретіп, мерекелік іс-шараның көркін кіргізді. Мұндай акция жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, азаматтық белсенділікті арттыруда үлкен маңызға ие. Республика күні – мемлекеттің символын айқындайтын маңызды мереке болғандықтан, Назарбаев мектебінің шәкірттері шет қалмай мерекені атап өтуді әдетке айналдырған.
 ОЛЖАС ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ - ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ АППАРАТ БАСШЫСЫ
- Республика күні мерекесіне орай бірнеше іс-шаралар өткізілді. Аталған іс шарардың бірі осы көріп отырған Қыран елім – Қазақстан» флешмобы өткізілді. Бұл іс-шараға 300-ге жуық химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары белсенді қатысып, солардың көмегімен өткізілді. Тағыда басқада іс-шарарал өтіп жатыр біздің ауданда.