Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Ермахан Маңқараевты марапаттады. Ол - батылдық пен кәсібиліктің үздік үлгісін көрсеткен газ саласының маманы. Тілсіз жаудан бүтіндей бір отбасыны құтқарып қалған. Оқиға қашан? Қалай болған? Сюжеттен көрейік.

 14 қазан. Ермахан Маңқараев көршісінің өтінішімен пәтердегі газ жабдықтарын тексеру кезінде көміртегі тотығының жоғары деңгейін анықтап, шұғыл әрекет еткен. Жабық есікті қосалқы кілтпен ашқанда балалар ес-түссіз, ал анасы ауыр күйде жатқан. Ол көміртегі тотығы деңгейін тексергеннен кейін құрылғыларды бірден ажыратып, балаларды құтқара бастаған. (YOUTUBE.COM)

 ЕРМАХАН МАҢҚАРАЕВ, ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕР                   
«Қарап, мойнын туырлап жатсам, аузы ашылды, көзінің зрачогы үлкейіп кеткен екен. Тілін тартып қалдым. Жүрегіне массаж істедім. Сол кезде ауа барып, қолы қозғала бастады. Сол кезде баланың өлім мен өмір арасында болғанын түсіндім. Мұндай жағдайлар болады, бірақ адамды өлім аузынан алып қалған сәт басқаша екен»

Оқиға орнына жеткен дәрігерлердің айтуынша, слесардің сауатты әрекетінің арқасында бәлекеттің беті қайтты. Ал отбасы ауруханаға көміртегі тотығымен улану диагнозы бойынша түскен. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қызметкердің адал жұмысына алғысын білдірді.

Пәтердегі қауіп көзі – қарапайым газ бағанасы болған, мұржа қоқысқа толған. Әкімдік өкілдері қайғылы жағдайдың алдын алу үшін газ жабдықтары мен түтін мұржаларын үнемі тексеріп отыру керегін ескертеді