Көк туды спортшылар ғана емес, сіз бен біз де желбіретіп, әнұранды әуелете шырқауымыз қажет. Осылай деген ұлтжанды азматтар Республика мерекесі қарсаңында мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетіп, патриоттық жиын өткізді. Шараға қала басшылығы мен зиялы қауым өкілдері қатысып, «Көк тудың желбірегені» байқауының жүлдегерлерін марапаттады. Толығырақ тілші тарқатады.

 Форумды қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек ашып, мегаполис халқын мерекемен құттықтады. Тәуелсіздіктің баға жетпес байлық екенін айтып, жастарды елге адал қызмет атқаруға шақырды.

 СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
 «Сапалы адам болып, адал еңбек етіп, адал азамат болып тәрбиеленіп шығатын болсаңыздар тәуелсіздігіміз бекем, болшағымыз жарқын болмақ!» 

Мадина Қамбар – «Үздік пост» аталымының жеңімпазы. Жүзден жүйрік танылған қатысушы, жасанды интеллект көмегіне жүгініп, көп ішінен дараланып шыққан. Байқау аясында 15 пост жариялаған мұғалім: «Мәтін мен сурет қабысып, үйлесімде болуы шарт» дейді. Айтуынша, бұл байқауда ешкім жеңілген жоқ, қатысушылар ұлттық құндылықтарды насихаттап, ұлтқа қызмет етудің жарқын үлгісін көрсеткен.

 МАДИНА ҚАМБАР, БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ
 – «Ту ұстап тұрған қазақтың жігіті мен қызы қажет. Олар жүректеріне қолын қойып әнұран айтып тұрсын деген сияқты тапсырма жазып жіберемін жасанды интелектке. Сайт жи соны генерациялап шығарып береді.»

 Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын байқау үш бағытты қамтиды. Олар: «Үздік іс-шара», «Үздік пост» және «Үздік бейнеролик». Биыл жарысқа 60 үміткер өтінім білдіріп, арнайы комиссия белгіленген критерийлер шеңберінде бағалаған. Қатысушының идеялогиялық мақсаты, мәтін жазу шеберлігі және видео-фото сапасы басты орынға қойылған.

БЕЙСЕНКҮЛ НАРЫМБЕТОВА, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
– Байқауды өткізудегі тағы бір мақсат, әлеуметтік желідегі контент сапасын арттыру. Білесіздер, әж-де көбіне-көп негативті ақпараттар өріп жүр. Ал байқау отансүйгіштікті насихаттауға қосқан үлес деп тануға болады» 

Кіл мықтыдан дараланып, шыққан жеңімпаздарды қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек марапаттап, бағалы сыйлықтар үлестірді.