Қала аумағындағы 150 мектеп секундына 150 мега бит интернет жылдамдығымен жабдықталған. Оның 100 мега биті оқу процесіне бағытталса, қалған бөлігі бейнебақылау жүйесі мен СОС батырмасына жұмсалады. Осылай деген цифрландыру басқармасы мектептердегі ғаламтор жүйесін қашықтықтан басқару мүмкіндігі іске қосылғанын хабарлайды.
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Аталған функцияның ең басты тиімділігі: интернет сапасына байланысты қандай бір ақау туындаған жағдайда оны тиісті басқарма өкілдері бірден байқап, дер кезінде ретке келтіре алады. Сондай-ақ аталған жүйе мектеп желісіне бөлінетін қаржыны оңтайландырып, бақылауға да мүмкіндік береді.
МҰХИТ КЕМЕЛОВ, ЦИФРЛАНДЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
– «Сол мектептердің интернетке қосулы не ағытулы екенін анықтай аламыз және оның жылдамдығын онлайн тексеруге мүмкіндік алдық. Және сол арқылы мектеп интернетіне бөлінетін қаржыны оңтайландыруға мүмкіндік алдық.»
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Былтыр 20 қоғамдық орынға 55 wi-fi құрылғысы орнатылса, биыл оның саны 70-ке жетіп, тағы 5 қоғамдық орынға 15 интенрнет желісі құрылды. Қуаттылығы секундына 20 мега бит жылдамдығын құрайтын желі бір мезгілде 50 қолданушыға қызмет көрсете алады. Қамту аймағы 50 метрді құрайды.
МҰХИТ КЕМЕЛОВ, ЦИФРЛАНДЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
– «Мынандай белгі тұрады. Оның 50 метр аумағында интернет ұстайды. Жылдамдығы 20 мб/сек.»
Одан бөлек, әлеуметтік жоба ретінде 5 гүлзар мен саябақтарға Freedom Telecom компаниясы тарапынан 11 wi-fi нүктесі орнатылған.