Шымкентте 67 тұрғын үй апатты жағдайда тұр. Сондай-ақ сесмонығайтуды қажет ететін 68 баспана анықталған. Бұл туралы құрылыс басқармасының басшысы Олжас Тәжібаев жыл басынан бері атқарған жұмысына есеп беру кезінде айтты. Жиында ол ренновация бағдарламасы аясында ескірген үйлерді сүріп, орнына 17 көпқабатты тұрғын үй салынатынын жеткізді. Құрылыс саласында өзге қандай жаңалық бар? Әріптесім сюжетте толықтырады.
НҰРЛАН ПАЙЗОВ, ТІЛШІ:
Шымкенттің солтүстік шығыс бөлігі алып құрылыс алаңына айналған. Қазіргі таңда шаһар халқын баспанамен қамту мақсатында мыңдаған шаршы метр пәтер құрылысы жүріп жатыр. Тұрғындардың жайлылығы үшін саябақтар салынып, жаңа демалыс орындары ашылуда. Мәселен биыл 92 көпқабатты тұрғын үй салынып, ел игілігіне берілуі тиіс. Санатында арендалық және кредиттік баспаналар бар.
ОЛЖАС ТӘЖІБАЕВ, ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
2024 жылы құрылыс басқармасы тарапынан 379,2 мың шаршы метрді құрайтын 4 830 пәтерлі 92 көпқабатты тұрғын үйдің (Тұран,Бозарық, Ақжайық ш/а-да құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде арендалық 2 үй (180 пәтер) (Тұран ш/а-2 үй) кредиттік 90 үй (4650 пәтер), (Тұран ш/а-18 үй, Бозарық ш/а-43 үй, Ақжайық ш/а-31 үй). Ағымдағы жылы 92 тұрғын үйден 161,9 мың шаршы метр құрайтын 2094 пәтерлі 55 тұрғын үй (кредиттік-53, арендалық-2) пайдалануға тапсырылды.
Басқарма басшысы былтыр 10 382 пәтерден 556 кемшілік анықталғанын айтты. Барлығы жойылған. 5 құрылыс мекемесіне айыппұл салынып, лицензиясы алынған.
ОЛЖАС ТӘЖІБАЕВ, ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
- Айыппұлдың соммасы осы 1 жыл 10 айдың қорытындысымен 176 млн теңгеге айыппұл салынған. Сонымен қатар атап айтқанда 5 мекеменің жозықсыз деп танып айыппұлында салдық, лицензиясынан айыру жұмыстарын жүргіздік.
2021 жылдан бастап 233 көппәтерлі тұрғын үйге техникалық зерттеу жұмысы жүргізілген. Нәтижесінде 67 үй апатты деп танылып отыр.
ОЛЖАС ТӘЖІБАЕВ, ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
- Нәтижесінде: сейсмонығайтуды қажет ететін – 68 үй; апатты – 67 үй; тұрақты жағдайда – 98 үй анықталған. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, сейсмонығайтуды қажет ететін тұрғын үйлерге техникалық зерделеу жұмыстарын жүргізіп, қорытынды алу үшін ҚазҒСҚЗИ мамандарымен зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Тиісті қорытынды алынғаннан кейін сейсмонығайту жұмыстарын жүргізу үшін 2025 жылдың бюджетіне ұсыныс берілетін болады.
НҰРЛАН ПАЙЗОВ, ТІЛШІ:
Бұдан бөлек, шаһар жастарына және халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 1454 пәтер сатып алуға бюджеттен 29,6 млрд. теңге қарастырылған. Бұл қаражатқа осал топтағылар үшін 1000 пәтер, жұмыс істейтін жастарға арнап 454 пәтер сатып алынды.