Қарулы күштер қатарында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өтті. Шымкент гарнизонының әскери полиция бөлімінде ұйымдастырылған шараға әскери бөлімдер мен мекеме басшыларының тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасарлары қатысты. Мақсат сыбайлас жемқорлыққа, құмар ойындарға және нашақорлыққа байланысты әскери ортада туындайтын қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол бермеу.
Жиын барысында қатысушыларға әскери қызметшілердің құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділігін күшейту мәселелері қаралды. Кеңеске қатысушылар әскери полиция аумағында орналасқан ТИЗО-мен танысты. Сондай-ақ барлық санаттағы әскери қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарттарын және ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексімен регламенттелген моральдық-этикалық қағидаттарды мүлтіксіз сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.