Ашық дереккөздерге сүйенсек, соңғы жылдары жұмыс іздеп Корея мен Жапония
асатын Азия азаматтары көбейген. Қатарында Қазақстандықтар да бар.
Экономиялық көрсеткіші мен әл-қуаты жоғары мемлекеттер қара жұмыс күшін
сырттан жалдап, жақсы жалақымен жарылқай алады. Әлемге «Мазда», «Хонда,
«Тайота» көліктерін тарту етіп, ғылым-біліммен аты шыққан халықтар
«құпияның кілті – кітапта», дейді. Айтуларынша, кітап оқыған адамның миы
жүйелі жұмыс істеп, көзқарасы ұшталады. Қарым-қатынас дағдылары дамып,
көппен тіл табысу қабілеті жетіледі. Айта берсең ақылына ақы сұрамайтын
данышпан жайлы дерек те пікір де жетерлік. Толығырақ Қанат Жолдасбек
сабақтайды.Ашық дереккөздерге сүйенсек, соңғы жылдары жұмыс іздеп Корея мен Жапония асатын Азия азаматтары көбейген. Қатарында Қазақстандықтар да бар. Экономиялық көрсеткіші мен әл-қуаты жоғары мемлекеттер қара жұмыс күшін сырттан жалдап, жақсы жалақымен жарылқай алады. Әлемге «Мазда», «Хонда, «Тайота» көліктерін тарту етіп, ғылым-біліммен аты шыққан халықтар «құпияның кілті – кітапта», дейді. Айтуларынша, кітап оқыған адамның миы жүйелі жұмыс істеп, көзқарасы ұшталады. Қарым-қатынас дағдылары дамып, көппен тіл табысу қабілеті жетіледі. Айта берсең ақылына ақы сұрамайтын данышпан жайлы дерек те пікір де жетерлік. Толығырақ Қанат Жолдасбек сабақтайды.
Жапон азаматтары орта есеппен жылына 120 кітап оқиды. Олар кітапті – табыстың табалдырығы, жетістіктің желкені деп біледі. Айтса, айтқандай-ақ кітап оқу – есте сақтау қабілетін еселеп, ойлау жүйесін дамытады. Ал озық ойлана білу, жетістікке жетелейтін негізі кілт. Осылай деген Қуаныш Зұлхарнайынұлы, түрлі оқиғалар мен қиындықтарды шығармалар арқылы оқыған оқырман оны бастан кешкендей тәжірибелі, жанама жағдайға дайын, шешім шығаруға шебер болады, дейді.
ҚУАНЫШ КҮНКӨРГІШ, СТУДЕНТ
– «Кез-келген көркем шығарма парасатты адамның өмірлік тәжірибесі.» - – Басты кейіпкер кешкен қиындықтар біздің де өмірімізде кездесе қалса, одан оңай шығамыз.» - 01:18, 01:25 – « Шешім жолдарын біліп тұрамыз.»
Ғалымдардың айтуынша кітап оқитындар – сынға сынбайды, мінге мойымайды. Депрессияны айналып өтіп, кез-келген жағдаятты салқынқанды сараптайды. Осы ұранды бетке алған Әл-Фараби кітапханасы жас өренге бағыт-бағдар беріп, шығарма оқу мәдениетін насихаттап келеді. Кітап қоры жарты миллионнан асатын мекеме 2000-нан аса шығарманың электронды нұсқасын әзірлеп, 65 туындыны QR кодқа көшірген. Ұжым басшысы айтыскер-ақын Анар Жаппарқұлова «жастар шығарма оқымайды деген бос сөз. Кітап оқу – қазір трендте» дейді.
СПИКЕР: АНАР ЖАППАРҚҰЛОВА, ӘЛ-ФАРАБИ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
09:57 – Абайдың қара сөзі бар ғой: «адамда бір іс бар жаығу» деген. Қазір жастар айфоннан да, айпаттан да жалыққан, ал кітап оқыған адам рухани демалады» - 10:16 // 578_AMANTAI7246 //
КСМ: Кітапханаға келушілер аз емес. Жастардың арасында алған кітабін қайтарғысы келмейтіндер де көп. Сонымен қатар сатып алуға құмар жандар да баршылық. Бағдәулет Оразалиев – студент. Ол жеке кітапханасын қалыптастырып, сүйікті авторларының шығармаларын өзіне ыңғайлы уақытта оқығысы келеді. Ал кітапты қайта-қайта сатып ала беруге қалтасы көтермейді. Өйткені, тың туындылар қымбат.
БАҒДӘУЛЕТ ОРАЗАЛИЕВ, СТУДЕНТ
– «Тарихи кітаптарды не Алашқа қатысты кітаптарды оқығымыз келеді. Бірақ Алаш деген соң ба бағасын қымбаттатып жібереді. Бұл халыққа қажет кітаптар болса бағаны қымбаттатып жіберуге болмайды. Оны қолжетімді етіп қана біз тарихты насихаттай аламыд»
«Мазмұндама» баспасының басшысы Шыңғыс Мұқан: «кітап шығару оңай шаруа емес. Елімізде сапалы аудармашы жетіспейді. Оның үстіне авторлық құқық үшін төленетін лицензияны тағы қосыңыз» дейді. Айтуынша, осы сынды шығындар есебінен нарықтағы кітап бағасы да қымбат. Сөзінше, қазір қазақ баспагерлеріне қолдау қажет. Бүгін сатып алған туындыңыз келесі кітаптың шығарылуына серпін береді.
ШЫҢҒЫС МҰҚАН, «МАЗМҰНДАМА» БАСПАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
– «Кітап сатып алу арқылы, сол кітапты оқу арқылы сен автоматты түрде өз тіліңді қолдайсың.» – «Өзіңнің тіліңе инвистиция саласың. Сол тілдегі ақпаратты көбейтесің. Өз тіліңді қолдау арқылы ұрпағыңның болшағына инвистиция құйасың.»
Соңғы жылдары коммерциялық баспалар белсенділігі артып, сұранысқа ұсыныспен үн қатуда. «Фолиянт», «Мазмұндама», «Қасым» сынды іргелі баспалар сөредегі орыс тілді туындыларды ығыстырып, қазақ шығармаларын насихаттап келеді. Соның бірі – Қасым баспасы. Салыстырмалы түрде нарықтағы бағасы арзан, қолжетімді. Студенттер мен оқушыларға 20% дейін жеңілдік қарастырылған. Мұнда келген оқырман кез-келген кітапты асықпай оқып, керек тұсын түртіп те ала-алады. Ол аз десеңіз, кітапхана келушілерге тегін шәй беріп, кофе де ұсынады екен.
ӘСЕЛ АМАНГЕЛДИЕВА, «ОҚЫРМАН» КІТАП ДҮКЕНІНІҢ PR МЕНЕДЖЕРІ
– «Біздің кітаптарды ең арзан кітаптар деп айта аламыз. Өнімдеріміз 1200 теңгеден басталады. Ашылғанымызға 5 жылдан асты, бірақ қандай инфиляция орын алса да біздің бағалар қымбаттаған жоқ. Өйткені біздің баспа көздеген мақсат сату емес, оқыту.»
Ғалымдар, кітап оқу қажет екен деп оны бет алды оқи беруге болмайды, дейді. Оның да өзіндік ержелері бар.