Мемлекет ата заңына сәйкес ел азаматтары өздеріне тиісті салықтарды және өзге төлемдерді уақытылы төлеуге міндетті.
Алайда, 72 мың жеке тұлға өздеріне тиісті салық мөлшерлемесін төлеуден жалтарып, уақытынан кешіктіріп отыр. Олардың мемлекет алдындағы берешегі 1,8 млрд теңгені құрайды. Осылай деген кірістер басқармасы азаматтарға салық төлемдерін уақытылы төлеу қажетін ескертеді. Әйтпегенде құзырлы орган өкілдері салық кодексінің 128 бабына сәйкес, өндіріп алу шараларын қолдана алады. Мұндай жағдайда жеке тұлғаның есеп шоты бұғатталып, шетелге шығу құқығынан айырылады. Сондай-ақ салық төлемдерін уақытынан кешіктірер болсаңыз, өсім пұл да қосылады.

 ШОХАН ОМАРБЕК, КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
 – «40 АЕК көп берешегі болған жағдайда шетелге шығуға тыйым салынады. Есепшоты бұғатталады. Төлеген күннің өзінде 25 пайыз өсім пұл алынады.»