Әлеуметтік желілерде Шымкент қаласының көшелерінің бірінде автокөлік жүргізушілерінің жанжалдасып жатқан бейнежазбасы тараған болатын. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Алмасбеков түсініктеме берді.
Полиция өкілінің айтуынша, жанжал нәтижесінде жүргізушілердің бірі дене жарақатын алған. Бұл жайт бойынша қылмыстық іс тіркелген. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүріп жатыр. Құқық қорғау қызметкері азаматтардың қауіпсіздігін нығайту үшін Заңмен кез келген зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілгенін, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқық бұзушылыққа жататынын еске салды. Сондай-ақ полицей ешбір құқық бұзушылық жазасыз қалмайтынын жеткізді.