Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық Институтының жастары белсенді. Олармен кездескен Президент жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі Керімбек Құрманәлиев осылай дейді.
 Басқосуда ұлттық құндылықтарды сақтау, қазақ тілі мен мәдениетін қалыптастыру жайы сөз болды. Өз кезегінде жастар да профессорға әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысынан сауалдарын жолдады. Белсенді топты ілім-білімге құштар етіп, бойларындағы талантын таныту бағытындағы бастамалар айтылды. Сондай-ақ жас толқынға мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған көмек жайы сөз болды. Елімізде жастардың тегін білім алуына, жатақхана мен шәкіртақымен қамтылуаына жағдай жасалған. Сондай-ақ, шет елдерде білім алуына да мүмкіндік бар. Тек осы бағыттарды тиімді пайдаланып, оқу-білімге құштар болса болғаны. Айтып өтейік, оқу орнында 8 мыңдай шәкірт педагогикалық бағытта білім алып отыр. Олардың басым бөлігі мемлекеттік грант негізінде оқиды.
КОММ: КЕРІМБЕК ҚҰРМАНӘЛИЕВ, ПРОФЕССОР
Осы жастармен кездесіп, олардың пікірін біліп, олармен ой алмасып жатырмыз. Олардың мынау өткір-өткір сұрақтарын тыңдап, жалпы біздің оқу орындары педагог кадр даярлау ісінде белсенді екен ғой деген ойға қаласың. Жалпы, жастардың белсенділігі қоғамның белсенділігі болып табылады. Осы жағынан осы жастармен көбірек кездесуіміз керек.