Еңбекте ерінбей, табысын адал тауып отырған еңбек адамы мемлекетке де қоғамға да сыйлы. Өзінің несібесін маңдай терімен жинап жүрген жанның бірі Ерболат Оспанов. Шаруа желтоқсанда жылқы байлап, қыстың күні қымыз өндіріп отыр. Еңбекқор жанның жұмысымен арна тілшісі танысып қайтты.
Ерболат жылқыны жабағысында аңғаратын атбегі. Әсіресе сүтті биелерді жаңылмай танитыны бар. Қыс мезгілінде қысыр қалдырып, 13 аналық жылқыны сауып отыр. Барлығы да сүзіктен өткен мама биелер.
ЕРБОЛАТ ОСПАНОВ, ШАРУА
Негізі жылқы малы көктем мен күзге шейін сауылу керек. Қазір саумалдың сұранысына байланысты қысырақтарды жинап апрелге дейін сауып жыл 12 ай қымыз өндіреміз.
Қораның тіршілігіне бір адам төтеп бере алмайды. Сондықтан шаруа 3 адамды жұмысқа алған. Солардың қатарында Ерасыл Қалықбай да бар. Қаладағы жоғары оқу орындарының бірінде оқитын студент бос уақытында бие сауады.
ЕРАСЫЛ ҚАЛЫҚБАЙ, ЖҰМЫСШЫ
- мен өзім студентпін бос уақытымда жұмыс істейм. Биелер мінезі әртүрді асауларын байлап сауамыз. Иімейтін биелердің жанына құлынын байлап қоямыз.
Шаруаның қорасы демалыс орнының іргесінде орналасқан. Демалып, ем алушылардан саумалға деген сұраныс жоғары. Тұтынушыларға жағдай жасап, оларға табиғи өнім ұсынып отыр. Саумал түрлі ауруға ем.
ЕРБОЛАТ ОСПАНОВ, ШАРУА
- қариялар жолдамамен келіп демалады. Біз соларға саумал мен қымызымызды ұсынамыз. Ең негізгі тіршілік
Ерболат Оспанов бие сүтіне субьсидия алмайды. Жылқының жем-шөбін де жалдамалы алқапта өзі өсіреді. Еңбегінің арқасынада елге сыйлы боп жүр. Маңдай тері де текке төгіліп жатқан жоқ.