5 желтоқсан – дүниежүзілік еріктілер күні. Қоғам үшін ақысыз қызмет ететін қайырымды жандардың еңбегі, әсіресе, төтенше жағдайлар кезінде ерекше көзге түседі. Атаулы күнге орай,  төтеншеліктер  еріктілермен арнайы кездесу өткізді. «Мен құтқарушымын» деп, аталған квстке шаһардың белсенді жастары қатысып, қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандықтың бір күндік тіршілігімен танысты.  

Апат салдарын жою кезінде құтқарушылармен қатар еріктілер белсенділік танытады. Сондықтан мамандар ұйым өкілдерін шақырып, өздерінің күнделікті тыныс-тіршілігімен таныстырды. Арнайы отқа қарсы киімдерін көрсетіп, техникалардың мүмкіндігін түсіндірді.

 АСҚАР  ШӘРІП,  ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ
- Бұл квесттің тікелей мақсаты төтенше жағдайлар орын алған кезде біздің сала еріктілермен тығыз жұмыс істейді. Төтенше жағдайларжою кезінде белсене атсалысатын еріктілердің еңбегін біз жоғары бағалаймыз.

Апатты жағдайда қолданылатын мынадай ауыр техникаларды жастар бұрын-соңды көрмеген. Жалынды ауыздықтауға арналған бұл көлік 2,5 шақырым жерден тікелей өрт боп жатқан  орынға су тарта алады. Ал автокран 16 қабатты үйдің үстінен адамдарды құтқаруға арналған. Төтеншеліктердің жұмысын көрсеткен іс-шараға 50-ден астам жас қатысып, құтқарушының рөліне еніп көрді.

 ГҮЛБИБІ ҚҰДАЙБЕРГЕН,  ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
 қала арасындағы волонтер өйымдардан алты топ келіп отыр. Бізге бірінші қауіпсіздік жайы түсіндірілді.

Еріктілер күні БҰҰ Бас Ассамблеясының 1985 жылы жасаған ұсынысымен жыл сайын 5 желтоқсанда аталып өтеді. Олар  - бос уақыттарын қоғам игілігі үшін жұмсайтын адамдар тобы. Ақысыз қызмет етушілердің жұмысын әрбір саладан түрлі бағытта көруге болады.