Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында экономикалық дербестік пен тәуелсіздікті нығайту, ұлттық құндылықтарды сақтау, әлеуметтік әділеттілік орнату және қазақ тілінің мәртебесін арттыру туралы ойын ортаға салған. Шымкентке іс-сапармен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі мәслихат депутаттары мен қоғам белсенділерінің басын қосып дөңгелек үстел өткізді. Онда сұхбатта айтылған жетістіктер мен дамудың басым бағыттарын жан-жақты талқыланды.
Президент өз сұхбатында қазақстандықтарды қызықтырған көптеген сұраққа жауап берді. Онда өнеркәсіпті дамыту, шетелдік инвестицияларды тарту және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға басымдық берілген. 2024 жылы елімізде АЭС салу бойынша жалпыхалықтық референдум өткен болатын. Президент сұхбатта осыған байланысты ойын айтқан. Ол Қазақстан ядролық энергетикасы дамыған елге айналуы қажет деп санайтынын жеткізді.
ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Сұхбатта бұл мәселені былтырғы жылдың мәселесі деп қарамай, тағы да қаузаған. Сбебеі мұның алдында бірнеше кездесу ресей президентінің келіп кетуі осы АЭС ке байланысты ма деп болжамдар айтылған болатын. Басқа да кездесулерді бірақ қазақстан өзінің кім салады деген сұраққа жауап беріп кеткен. Табандылық көрсетіліп консорциум болатындығы басқа мемлекеттерге осның ішінде қытай, франция ресей бар мемлекеттердің тәжірбиелерін алып жатқандығы.
Соңғы 10 жылда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің арасындағы алыс-беріс айтарлықтай артты. Президент 2024 жылы сауда-саттық көлемі 45 миллиард доллардан асқанын айтып, енді энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, цифрландыру салаларындағы ықпалдастықты күшейтуді көздеп отырмыз деді.
ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Орталық азия елдерінің мінберіне айналуы Қазақстанның. Бір айдың көлемінде орта азя елдір Астанада 4 рет кездесті. Мысалыға орта азия мемлекет басшыларының консультативті кеңесі өте ықпалды құрылымға айналды. Тіпті дайын ұйым деп айтуға болады. Жапония Индия Корея Пәкістан европа елдері Ресей Қытай АҚШ сияқты алпауыт мемлекеттердің барлығы осы орта азия мемлекет басшылары қазақстан бастамасымен құрылған түркі кеңесі үлкен ұйымға айналып отыр. Мұның барлығы БҰҰ бізге деген ынтасын өрсетеді.
Өз кезегінде қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетінде жарияланған сұхбатта елдің кешегісі мен келешегі туралы ауқымды мәселелер қамтылғанын айрықша атап өтті.
ШАЛАТАЙ МЫРЗАХМЕТОВ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ
Мен алғашында орыс тілінде оқыдым. Сол жерде түсінгенім мен үш жылдай негізгі мәселелерді бағыттайтын орынбасары болып үш жыл қызмет еттім. Европа қауіпсіздігінің директоры болып істедім деді. Сол маған жеткілікті деген сөзді айтты. Мен балалармен сараптап отырғанда неге ол кісі айтпады барам бармаймын деп айтпады ғой деген сөз айтты балалар. Сосын мен қазақшасын оқыдым онда Менің елімізді дамытуға қатысты талай жылға арналған ауқымды жоспарларым бар, оның бәрін жүзеге асырып аяғына дейін жеткізсем ба деген ойдамын деді.
Мемлекет басшысының «Ана тілі» газетіне жарияланған сұхбаты ұлттың жаңғыруы мен даму жолындағы айқын бағдар. Президенттің ұстанымы ел болашағына деген сенімді арттырып, әрбір азаматты ортақ мақсаттарға жұмылдыруға шақы